Құмырзақұлы А.

      Науан хазірет – күрескер тұлға /  Алтынбек Құмырзақұлы. – Алматы: «Қазақстан Жазушылар одағы», РҚБ, 2025. – 304 б.

      Алаштану ғалым Алтынбек Құмырзақұлының «Науан хазірет – күрескер тұлға» кітабында дін қайраткері, ағартушы, ұстаз Науан (Наурызбай) хазірет Таласұлының өмірі мен қызметі, ататегі мен отбасы, ұрпақтары туралы сөз болады.

      Тарихи – танымдық, деректі хикаят жазылған еңбекте бұрынсоңды ғылыми айналымға түспеген, архив, сирек қорлардан табылған тың құжаттар мен мәліметтер жан – жақты талданып, сараланған.

      Кітап жалпы оқырман қауымға, әдебиет зерттеушілеріне, ЖОО – ның студенттері мен магистранттарына арналады.