«Айбынды біздің әкелер»
16.06.2026
16 маусым күні Талдыбұлақ ауылдық кітапханасында Халықаралық әкелер күніне орай «Айбынды біздің әкелер» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, дөңгелек үстел өткізілді. Шара барысында бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі, отбасындағы жауапкершілігі мен қамқорлығы туралы әңгіме өрбіді. Қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, отбасы құндылықтарының маңызын талқылады. Іс-шараға ауыл тұрғындары мен ата-аналар қатысты. Әке – отбасының тірегі, балаға үлгі болатын тұлға екені айтылып, барлық әкелерге ізгі тілектер білдірілді. Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі мен отбасылық міндеттері туралы түсінік беру, отбасы құндылықтарын насихаттау.
