«Алғыс жүректен»
27.02.2026
1 наурыз – Алғыс айту күніне орай 27 ақпан күні Байдалы би ауылдық үлгілі кітапханасында 6-сынып оқушыларымен «Алғыс жүректен» атты тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Шара барысында оқушылар бір-біріне тілек білдіріп, алғыстарын айтты. Алғыс айту күнінің мән-мағынасы туралы ақпарат беріліп, тарихы туралы әдебиеттермен таныстырылды. Мақсаты: Оқушылардың рухани мәдениетін қалыптастыру, Алғыс айту күнінің мән-маңызын түсіндіру.
