«Бір ел – бір кітап»
18.06.2026
18 маусым күні Талдыбұлақ ауылдық кітапханасында «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында Қ. Жұмаділовтің «Тағдыр» романы бойынша «Тағдыр» романындағы тарихи кезең және ел тағдыры» атты әңгіме сағаты өткізілді. Шара барысында оқырмандар шығарманың мазмұнымен танысып, ондағы ұлттық рух, ел тағдыры және отансүйгіштік идеялары туралы пікір алмасты. Романның тарихи және тәрбиелік маңызына тоқталып, өз ойларымен бөлісті. Мақсаты: Қ. Жұмаділовтің өмірі мен шығармашылығын таныстыру, «Тағдыр» романының мазмұны мен тарихи маңызын насихаттау.
