«Бір шаңырақ астында»
30.04.2026
Талдыбұлақ ауылдық кітапханасында 30 сәуір күні 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Бір шаңырақ астында» атты тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шара барысында оқушыларға мерекенің тарихы мен маңызы туралы ақпарат берілді. Қазақстанда 100-ге жуық ұлт өкілдерінің татулық пен бірлікте өмір сүретіні айтылып, ел ішіндегі ынтымақтың мәні түсіндірілді. Шараға 7-сынып оқушылары қатысып, бірлік күні туралы кеңінен мағлұмат алды. Мақсаты: Қазақстанда тұратын халықтар арасындағы татулық пен ынтымақты насихаттау.
