«Чернобль жаңғырығы»
24.04.2026
24 сәуір күні Талдыбұлақ ауылдық кітапханасында «Чернобль жаңғырығы» тақырыбында эссе жазу сағаты өткізілді. 1986 жылғы Чернобль атом электр станциясындағы апат адамзат тарихындағы ең ірі техногендік оқиғалардың бірі ретінде қарастырылады. Бұл оқиға ғылым мен техниканы қауіпсіз әрі жауапкершілікпен қолданудың маңызын көрсетті. Шараға 5–7-сынып оқушылары қатысып, эссе жазды. Мақсаты: Оқушыларды тарихи оқиғалар арқылы тәрбиелеу және рухани танымын арттыру.
