«Әдемі – Ана, парасат – Ана!»

06.03.2026

6 наурыз күні 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Байдалы би ауылдық үлгілі кітапханасында Мәдениет үйімен бірлесе отырып «Әдемі – Ана, парасат – Ана!» атты сыр-сұхбат, көп балалы аналармен кездесу кеші ұйымдастырылды. Шара барысында аналар өмір тәжірибелерімен бөлісіп, ұлттық құндылықтарға негізделген ойындар ойнатылды. Сондай-ақ түрлі сұрақтар қойылып, еркін сұхбат жүргізілді.Кеш соңында аналарға сыйлықтар табысталып, олар көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.Мақсаты: Ананың мейірімі мен даналығын дәріптеу, отбасы құндылықтарын насихаттау.