«Ел ертеңі – жас ұландар»

06.05.2026

6 мамыр күні Қызылжар кентінің үлгілі кітапханасында «Ел ертеңі – жас ұландар» атты ерлік сағаты өтті. Шара барысында оқырмандарға елдің болашағы – білімді, тәрбиелі, отансүйгіш жас ұрпақ екені айтылып, жас ұландардың тәуелсіз еліміздің тірегі екендігі түсіндірілді. Сонымен қатар, жастардың білім алып, өнер үйреніп, спортпен шұғылданып, ел дамуына үлес қосуы керектігі сөз болды. Мақсаты: Отанын сүйетін, үлкенді құрметтеп, кішіге қамқор бола білетін жас ұрпақты тәрбиелеу, патриоттық рухты қалыптастыру.