«Әлемнің нұры – әйел»
07.03.2026
7 наурыз күні Қызылжар кентінің үлгілі кітапханасының кітапханашылары Мәдениет үйінде «Әлемнің нұры – әйел» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Кітап көрмесіне кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты. Көрмеде әйел адамның қоғамдағы және отбасындағы ерекше орны, ананың мейірімі мен қадір-қасиетін дәріптейтін әдебиеттер таныстырылды. Мақсаты: Анаға деген сүйіспеншілікті арттыру, ананы құрметтеуге және сыйлауға тәрбиелеу.
