«Еңсесі биік – Ұлы Жеңіс»

08.05.2026

Қызылжар кенті үлгілі кітапханасында 8 мамыр күні 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай «Еңсесі биік – Ұлы Жеңіс» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесіне 5-сынып оқушылары қатысты. Шара барысында Ұлы Жеңістің ел тарихындағы ең қастерлі күндердің бірі екені айтылды. Батыр бабаларымыздың Отан үшін жан аямай күресіп, бүгінгі бейбіт өмірді сыйлағаны туралы мағлұмат берілді. Ерлік пен батырлықтың, бірлік пен төзімнің арқасында Жеңіс туы желбірегені насихатталды. Сонымен қатар, бүгінгі ұрпақтың батырлар аманатына адал болуы керектігі айтылып, ардагерлердің ерлігі ешқашан ұмытылмайтыны түсіндірілді. Мақсаты: оқушыларға Ұлы Жеңістің тарихи маңызын түсіндіру, Отанды сүюге, елін қорғаған батырларды құрметтеуге тәрбиелеу, жас ұрпақтың патриоттық сезімін қалыптастыру.