«Есімі еңбекпен ардақталған әке»
16.06.2026
16 маусым күні Түгіскен ауылдық кітапханасында Халықаралық әкелер күніне орай «Есімі еңбекпен ардақталған әке» атты сұхбат өткізілді. Іс-шараның қонағы ретінде ауылымыздың ардақты азаматы, зейнеткер, Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Шайгөзов Кашафидден ата қатысты. Сұхбат барысында Кашафидден ата өзінің өмір жолы, еңбек жолында жинаған тәжірибесі және отбасы тәрбиесіндегі әкенің рөлі туралы әңгімеледі. Сонымен қатар жастарға ақыл-кеңесін айтып, адал еңбек етуге, үлкенді құрметтеп, кішіге қамқор болуға шақырды. Қатысушылар қонақтың өнегелі өмірінен тағылым алып, өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды. Мақсаты: Әкенің отбасындағы және қоғамдағы рөлін насихаттау, жастарды еңбекқорлыққа, үлкенді сыйлауға және отбасылық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.
