«Қарымды қаламгер»

22.06.2026

22 маусым күні Талдыбұлақ ауылдық кітапханасында жазушы-драматург Софы Сматаевтың туғанына 85 жыл толуына орай «Қарымды қаламгер» атты танымдық сағат өткізілді. Іс-шара барысында қатысушыларға қаламгердің өмірі мен шығармашылығы, әдебиет пен мәдениетке қосқан үлесі туралы мәлімет берілді. Сондай-ақ жазушының тарихи және көркем шығармалары таныстырылып, кітап көрмесіне шолу жасалды. Қатысушылар шығармалардан үзінділер оқып, өз ой-пікірлерімен бөлісті. Мақсаты: Оқырмандарды жазушының өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, әдеби мұрасын насихаттау.