«Қазақ күй өнерінің шебері»
24.04.2026
24 сәуір күні С. Сейфуллин ауылдық үлгілі кітапханасында Мұхаметжан Тілеухановтың 80 жасқа толуына орай «Қазақ күй өнерінің шебері» атты шеберлік сағаты өтті. Іс-шара барысында қазақ күй өнерінің дамуына үлес қосқан, Арқа өңірінің дәстүрлі орындаушылық мектебін жалғастырушы танымал күйшінің өмірі мен шығармашылығы насихатталды. Мақсаты: жастардың ұлттық құндылықтарға қызығушылығын арттыру, күй өнерін дәріптеу және құрметтеуге тәрбиелеу.
