«Кітап – ақылдың кені»
22.04.2026
22 сәуір күні Қызылжар кентінің үлгілі кітапханасында Ұлттық кітап күніне орай 3-сынып оқушыларымен «Кітап – ақылдың кені» атты ақпарат сағаты өтті. Іс-шара барысында кітаптың адам өміріндегі маңызы, білім мен тәрбиедегі орны туралы түсіндірілді. Оқушылар өздерінің сүйікті кітаптары жайлы айтып, пікір алмасты. Сонымен қатар, Нәзира Қожахметқызы Дәулетованың туғанына 100 жыл толуына орай «Кітап әлемінің шамшырағы» атты танымдық бөлім ұйымдастырылып, сұрақ-жауап пен викториналық ойындар өткізілді. Мақсаты: Жас ұрпақты кітап оқуға баулу, білімге қызығушылығын арттыру және рухани құндылықтарды насихаттау.
