«Кітап арқылы ашылған сырлы әлем»

23.06.2026

23 маусым күні С.Сейфуллин ауылдық үлгілі кітапханасында «Кітап арқылы ашылған сырлы әлем» атты кітап көрмесіне саяхат ұйымдастырылды. Көрмеде балалар әдебиеті, ертегілер және қызықты кітаптар таныстырылып, оқырмандар кітаптың ғажайып әлемімен танысты. Шара барысында балалардың кітап оқуға деген қызығушылығы артып, рухани дүниесін байытуға бағытталған мәліметтер берілді. Мақсаты: Оқырмандардың дүниетанымын кеңейту, кітап оқуға қызығушылығын арттыру және білімге құштарлығын ояту.