«Кітап оқимыз – білімді боламыз»
16.06.2026
16 маусым күні С.Сейфуллин ауылдық үлгілі кітапханасында «Кітап оқимыз – білімді боламыз» атты жаңа кітаптарға библиографиялық шолу өткізілді. Шара барысында оқырмандар жаңа әдебиеттермен танысып, кітап оқудың білім мен танымды арттырудағы маңызы туралы ақпарат алды. Кітапханашы Г. Акатова әр кітапқа тоқталып, мазмұнына шолу жасады. Мақсаты: Оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, білім көкжиегін кеңейту.
