«Кітап – сарқылмас рухани қазына!»
23.04.2026
Талдыбұлақ ауылдық кітапханасында 23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне орай 17 сәуір күні «Кітап – сарқылмас рухани қазына!» атты кітап көрмесі мен әңгіме сағаты өткізілді. Іс-шара барысында кітаптың адамзат үшін маңызы, оның рухани байлықты сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін асыл мұра екені айтылды. Кітап – білім мен тәрбиенің қайнар көзі, адамзат жасаған ең ұлы құндылықтардың бірі екендігі насихатталды. Көрмеге ақын-жазушылардың кітаптары мен буклеттер қойылып, оқырмандарға таныстырылды. Шараға мәдениет үйінің қызметкерлері мен Талдыбұлақ жалпы білім беретін мектебінің 4-сынып оқушылары қатысып, өз ойларымен бөлісті. Іс-шара соңында қатысушылар кітап оқудың маңыздылығын түсініп, оны жас ұрпаққа насихаттау қажеттігі атап өтілді.
