«Қуаныш Ахметов – адал азамат»
16.04.2026
Талдыбұлақ ауылдық кітапханасында 16 сәуір күні «Бір өлке – бір кітап» облыстық акциясы аясында «Қуаныш Ахметов – адал азамат» тақырыбында әңгіме-шолу өткізілді. Іс-шара барысында жазушы Қуаныш Ахметовтің өмір жолы мен шығармашылығы таныстырылып, оның таңдаулы туындыларына шолу жасалды. Қатысушылар жергілікті қаламгердің әдеби мұрасымен танысып, рухани-мәдени құндылықтардың маңызын терең түсінуге мүмкіндік алды.
