«Мәңгілік даңқ шежіресі»
08.05.2026
8 мамыр күні С.Сейфуллин ауылдық үлгілі кітапханасында «Мәңгілік даңқ шежіресі» атты еске алу кеші өтті. Іс-шара барысында балаларға Ұлы Жеңісті жақындатқан қазақ жауынгерлерінің ерлігі мен өмір жолы туралы мазмұнды мәліметтер айтылып, тарихи деректер оқырмандар назарына ұсынылды. Мақсаты: Жас ұрпаққа соғыс батырларының ерлігін таныту, олардың батырлығы мен еңбегін үлгі ету, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
