«Оқырманға мың алғыс»

15.05.2026

     С.Сейфуллин ауылдық үлгілі кітапханасында 15 мамыр күні «Оқырманға мың алғыс» атты оқырманның кітап оқыған сәті ұйымдастырылды. Кітапханаға жас оқырмандар келіп, жаңа кітаптармен танысып, өздеріне ұнаған шығармаларды оқыды. Шара барысында кітаптың маңызы туралы тағылымды ойлар айтылып, балалар кітапты қызыға оқыды. Мақсаты: Жас ұрпақты өз бетімен әдеби кітап оқуға, сауаттылыққа баулу, кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру.