«Отан қорғау – сенің азаматтық борышың!»
06.05.2026
Талдыбұлақ ауылдық кітапханасында 6 мамыр күні Отан қорғаушылар күніне орай «Отан қорғау – сенің азаматтық борышың!» атты тәрбие сағаты өткізілді. 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні – ел қауіпсіздігі мен бейбіт өмірді сақтаудағы ерлікті дәріптейтін маңызды мереке. Бұл күні Отан алдындағы борышын абыроймен атқарып жүрген сарбаздар мен офицерлерге құрмет көрсетіледі. Шара барысында ұйымдастырылған кітап көрмесіне қазақ батырларының ерлігі, әскери тарих және патриоттық тақырыптағы әдебиеттер ұсынылды. Іс-шараға мектептің 3-сынып оқушылары қатысып, елін, жерін сүюге деген құрметтері артып, бойларына ерлік, батылдық және жауапкершілік қасиеттері қалыптастырылды. Мақсаты: Балаларды Отанды сүюге тәрбиелеу, батырлардың ержүректілік, отансүйгіштік және ұлтжандылық қасиеттерін үлгі ету.
