«Отбасым – бақыт мекенім»
15.05.2026
Отбасы – адамзаттың асыл ұясы. Адам баласы дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаға бейімделіп, тәлім-тәрбие алып, ер жетеді. Отбасы – адамзат баласының түп қазығы, алтын ұясы. Осы орайда 15 мамыр күні Талдыбұлақ ауылдық кітапханасында «Отбасым – бақыт мекенім» атты тәрбие сағаты өтті. Бала тәрбиесінде отбасының алатын орны ерекше. Оны қоғамдық тәрбиенің ешбір саласы алмастыра алмайды. Ата-ананың өз борышын мүлтіксіз орындауы – үлкен тәрбие мектебі. Осылайша адамға тән рухани-адамгершілік қасиеттер ең алдымен отбасында қалыптасып, дамиды. Отбасы – тек бір шаңырақ астында өмір сүретін адамдар ғана емес, ол – сүйіспеншілік, қамқорлық, сыйластық пен бірліктің символы. Тәрбие сағатына 6-7 сынып оқушылары қатысып, отбасы туралы өз ойларын ортаға салды.
