«Рух мейманы»
13.05.2026
Талдыбұлақ ауылдық кітапханасында 13 мамыр күні ақын Исраил Сапарбайдың туғанына 85 жыл толуына орай «Рух мейманы» атты библиографиялық шолу өткізілді. Исраил Сапарбай — қазақ әдебиеті мен өнерінің көрнекті өкілдерінің бірі, ақын, драматург, аудармашы және сазгер. Ол 1941 жылы 15 мамырда Өзбекстанның Самарқанд облысы, Кушрабад ауданында дүниеге келген. Ақынның шығармашылығы қазақ поэзиясына нәзік лирика, терең философия және ұлттық рух әкелді. Жастайынан әдебиетке құмар болып өскен ол алғашқы өлеңдерін студенттік кезеңде жаза бастаған. Кейін қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңбасын қалыптастырған қаламгер ретінде танылды. Исраил Сапарбай тек поэзиямен шектелмей, драматургия, ән мәтінін жазу және аударма салаларында да жемісті еңбек етті. Іс-шараға мектеп оқушылары қатысып, ақынның өмірбаяны мен шығармашылығы туралы кең мағлұмат алды. Ол — қазақ руханиятына өлшеусіз үлес қосқан біртуар тұлға. Оның өлеңдері мен әндері халық жүрегінен орын алып, әдеби мұрасы ұлттық мәдениеттің алтын қорына енді.
