«Сөз зергері – Құнанбай»

25.06.2026

25 маусым күні С.Сейфуллин ауылдық үлгілі кітапханасында балалар жазушысы Қ.Толыбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Сөз зергері – Құнанбай» атты әдеби шара өткізілді. Шара барысында жазушының «Сырлы арал» кітабына енген әңгімелері мен ертегілерінен үзінділер оқылып, оқырмандар шығармалардың мазмұнымен танысты. Балалар табиғатты аялау, қоршаған ортаны қорғау және тіршілік иелеріне қамқорлық жасау туралы тағылымды ой-пікірлер алды. Мақсаты: Жазушы шығармаларын насихаттау, оқырмандарды табиғатты сүюге және қоршаған ортаны құрметтеуге тәрбиелеу.