«Сыбайлас жемқорлық – заманауи қоғамның өзекті мәселесі»
12.05.2026
Байдалы би ауылдық үлгілі кітапханасында 12 мамыр күні «Сыбайлас жемқорлық – заманауи қоғамның өзекті мәселесі» тақырыбында пікірталас өтті. Іс-шара барысында қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – сыбайлас жемқорлықпен күрес жайында пікір алмастырылды. Сыбайлас жемқорлықтың зияны мен оның қоғам дамуына тигізетін кері әсері кеңінен талқыланды. Оқушыларға брошюралар таратылып, өз ойларын ортаға салды.
