«Теңдесі жоқ тарихи жеңіс»

08.05.2026

Талдыбұлақ ауылдық кітапханасында 8 мамыр күні Ұлы Жеңіс күніне орай «Теңдесі жоқ тарихи жеңіс» атты еске алу сағаты өткізілді. 9 мамыр – Жеңіс күні – ерлік пен батырлықтың символы болып саналатын қасиетті күн. Бұл күні Отан үшін жанын қиған ардагерлердің ерлігі еске алынды. Майданға аттанған азаматтардың ерлігі мен тылда еңбек еткен аналар мен балалардың еңбегі жеңісті жақындатқаны туралы айтылды. Шара барысында оқушылар соғыс ардагерлері туралы мәліметтермен танысып, өлеңдер оқыды және бір минут үнсіздікпен батырларды еске алды. Мақсаты: Жас ұрпаққа отансүйгіштік тәрбие беру, ардагерлер ерлігін құрметтеу және тарихи жадыны сақтау.