«Туған жер туралы мақал-мәтел» және «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ»

12.06.2026

12 маусым күні Талдыбұлақ ауылдық кітапханасында «Менің өлкем – қандай көркем» жобасы аясында мәдениет үйімен бірлесіп «Туған жер туралы мақал-мәтел» және «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» атты сайыс өткізілді. Шараға Талдыбұлақ ЖББ мектебінің оқушылары қатысып, туған жер туралы мақал-мәтелдер айтып, жұмбақтар шешуден бақ сынады. Іс-шара барысында туған жерге деген сүйіспеншілік пен құрметтің маңызы насихатталды. Мақсаты: Оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, мақал-мәтелдер арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеу.