«Ұлы Жеңіс – ұрпаққа аманат»

08.05.2026

      8 мамыр күні Байдалы би ауылдық үлгілі кітапханасында 9 мамыр – Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 81 жылдығына арналған «Ұлы Жеңіс – ұрпаққа аманат» атты тарихи - ерлік сағаты өтті. Шара барысында кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқушылар тарихтың қаһармандық беттерімен, майдангерлердің еңбектері мен ерліктерімен танысты. Көрмеге фотосуреттер, соғысқа қатысқан ардагерлердің өмірбаяндары ұсынылды. Шара соңында оқушыларға Жеңіс күніне орай бейнебаян көрсетілді. Мақсаты: Ел мен жер үшін жанын қиған қаһармандардың ерлігін насихаттау, патриотизмді қалыптастыру.