«Заң мен тәртіп»

22.05.2026

     22 мамыр күні С.Сейфуллин ауылдық үлгілі кітапханасында «Заң мен тәртіп» атты әңгіме сағаты өтті. Іс-шараға ауылымыздың учаскелік полиция қызметкері С.Картаев қатысып, сыбайлас жемқорлық пен құқықтық тәртіп туралы қысқаша мағлұмат беріп, оқырмандармен әңгіме жүргізді.