«Жыр Күләші»

28.04.2026

    Талдыбұлақ ауылдық кітапханасында 28 сәуір күні ақын Күләш Ахметованың 80 жасқа толуына орай «Жыр Күләші» атты дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шара барысында Күләш Ахметованың өмірі мен шығармашылығы таныстырылып, оның поэзиясындағы нәзік лиризм мен терең ой, адам жанының ішкі әлемі, әйел тағдыры мен өмір мәнін бейнелейтін туындылары туралы айтылды. Шараға мектеп оқушылары қатысып, ақын шығармашылығымен кеңінен танысты. Мақсаты: оқырмандарды ақын шығармашылығымен таныстыру, сөз өнерін құрметтеуге баулу және поэзияға деген сүйіспеншілігін арттыру.