Жуанышбаев Балапан

Жуанышбаев Балапан Оспанұлы 1971 - ші жылы, Карл Маркс совхозында (Кәзіргі Ералиев ауылы ) өмірге келген. 1988-ші жылы Карл Маркс атындағы орта мектепті бітіріп, Мичурин атындағы  аграрлық фирма техникумның "гидротехник" мамандығы бойынша орысша  бөліміне оқуға түседі.Атылмыш оқу орнын 1992 - ші жылы аяқтап шығады. Сол жылдары әкесі құрған "Қоғалы көл" шаруа қожалығының мүшесі бола жүріп,ауыл спортын көтеруде ерікті түрде ондаған жыл еңбек етеді.

Ауылдың қоғамдық жұмысынан қалмай жүріп, 2015 - ші жылы "Ералиев ауылының құрылғанына 50 жыл" мерей тойының, Созақтағы Қарабура әулиенің кезекті асының тікелей ұйымдастырушыларының бірі болып,қаржы жағын басқарады. Ералиев ауылындағы Төребұтақ өзекшесіне салынған көпір құрылысын,және ауылдағы қазақша күрес бағытындағы спорт мектебін қайта жаңғыртып іске қосылуын ұйымдастырады. 2022 - ші жылдан, Жалын көмір кенішінен ауылға әлеуметтік көмек талап етуде алғаш пікір білдіріп, ауылдастырымен бірге жыл сайынғы көмекке қол жеткізтеді.

Жастайынан басталған, аңыз, шежіре, тарихқа құмарлығы арта түсіп,кейінгі жылдары өлке тарихымен айналысады.Соның нәтижесінде, 2024 - ші жылы "Таманың түпкі тарихы" атты кітабы жарық көреді.Кәзіргі таңда тама руына байланысты құрылған,"Бір шежіре-бір тарихы" тобының ред-коллегия мүшесі.Осы бағытта, Алматы, Шымкент т/б жерлерде ғылыми конференцияларда баяндама жасаған.


Кітаптары:

1. Балапан Жуанышбаев. Таманың түпкі тарихы. Алматы:. «Таугүл – принт» баспасы – 2024. – 192 бет.