Амангелді Кеңшілікұлы.

Мұқағали Ғасыры. «Алматы –Болашақ»  АҚ баспасы, 2023, 368 бет.

Қазіргі қазақ әдебиетіндегі сын жанрының жалауын жоғары ұстап жүрген зерделі сыншы, халықаралық  «Алаш» әдеби сыйлағаның лауреаты Амангелді Кеңшілікұлын әдебиетші қауымның бәрі біледі, жақсы таниды және оның шығармаларын жоғары бағалайды десек артық айтқандығымыз емес. Оның еңбектерінде жаңа леп, тосын ойлар өріліп отырады. Сыншы қаламынан туған «АҚ жауын» , «Қазақты сүю», «Қарлығаш дәурен», «Жүрек сөзі», «Рух жыры» секілді еңбектері ұлт руханиятының дамуына айтарлықтай үлесін қосқан туындырлар.

«Мұқағали ғасыры» атты кезекті туындысы да оқырман қауымға жаңа қырынан көрініп, рухани дүниеміздің өсіп, дамуына сүбелі үлес қосатыны даусыз.