Жұмыс есебінің түйіні

C.Сейфуллин атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің  2020 жылы өткізілген ақпараттық-насихат және мәдени-көпшілік шаралар жылдың маңызды оқиғаларына: Қазақстандағы еріктілер жылына, Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына, ҚР Конституциясының 25 жылдығына, Алтын Орданың 750 жылдығына, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75-жылдығына, Әл-Фарабидің 1150 жылдығына, А. Құнанбаевтың 175-жылдық мерейтойына, Н. Нұрмақовтың 125-жылдығына т.б. республикалық және аймақтық айтулы даталарға арналды. Аталған бағыттар бойынша жұмыстарды үйлестіру мақсатында тақырыптық жоспарлар, іс-шаралар ұйымдастырылды.