«Ұлттық тәрбие - құндылықтың бастауы»
05.11.2025
Ш. Ералиев ауылдық кітапханасында 5 қараша күні «Ғибрат» салт-дәстүр клубы аясында «Ұлттық тәрбие - құндылықтың бастауы» атты іс-шара өткізілді. Кітапханашы Ракишева Жаңагүл оқырмандарға кітап көрмесін ұйымдастырып, пікір алмасу өткізді. Кітап көрмесіне өнеріміз бен мәдениетімізді, ұлттық құндылықтарымызды насихаттауға арналған әдебиеттер қойылды. Шараға 8- сынып оқушылары қатысып, қазіргі заманда жиі қолданылатын салт-дәстүрлер туралы әңгімелеп, ұлттық тәрбие жөніндегі өз пікірлерін білдірді. Мақсаты: Ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың мән-маңызын түсіндіру, жастардың бойында рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, ата-бабадан келе жатқан тәрбиелік тағылымды насихаттау арқылы ұлттық болмысты сақтау мен дамытуға үлес қосу.
