«Әбу Насыр әл – Фараби даналықтың дарабозы»

04.11.2025

Түгіскен ауылдық кітапханасында 4 қараша күні Әбу Насыр әл – Фарабидің туғанына 1155 жыл толуына орай «Әбу Насыр әл – Фараби даналықтың дарабозы» тақырыбында викториналық сұрақ-жауап  кеші өткізілді. Мақсаты: Ғұламаның еңбектерін насихаттау және оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру. Іс –шара барысында ғұламаның астраномия, музыка, алгебра ғылымдары бойынша трактаттар жазып, зерттеулер жүргізілгендігі жайлы оқырмандарға мәлімет берілді. Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» кітабы бойынша ғалымның тағылымға толы өмірі жайлы қызықты сұрақтар қойылып, дұрыс жауап берген оқырмандарға ұпай саны берілді. Жеңімпаз оқырмандарға Әбу Насыр әл – Фараби туралы түсірілген қызықты мультфильм көру ұсынылды.