«Шоқан Уалиханов – ұлы ғалым»

31.10.2025

     31 қазан күні Талдыбұлақ ауылдық кітапханасында қазақтың ұлы ғалымы, шығыстанушы, тарихшы және ағартушылық мәдениетінің тұңғыш өкілі Шоқан Уалихановтың туғанына 190 жыл толуына орай «Шоқан Уалиханов – ұлы ғалым»  атты кітап көрмесі өткізілді. Кітапханашы Асанбаева Ақтоқты тұңғыш қазақ ғалымы туралы кеңінен таныстырып, оның әдеби мұрасынан қызықты әрі мәнді мәліметтер ұсынды. Шараға 9 сынып оқушылары Әбдіқадаыр Жансая және Жамкенова Аяужан қаысты.

Мақсаты: Тұңғыш қазақ ғалымының еңбегін оқырмандарға кеңінен насихаттау.