«Сыбайлас жемқорлық – қоғамның өзекті мәселесі»

06.11.2025

Талдыбұлақ ауылдық кітапханасында 6 қараша күні  «Сыбайлас жемқорлық – қоғамның өзекті мәселесі»  атты кітап көрмесі мен тәрбие сағаты өткізілді. Іс - шараға  әкімшілік  қызметкерлері Нығманова Саяжан, мәдениет үйінің қызметкері Каримова Бота, Дюсенбин Ақан және ауылымыздың медбикесі Нығыманова Ғазиза қатысып,  өз ойларымен бөлісті. Шара барысында жемқорлыққа қарсы ашық әңгіме жүргізіліп, адалдық, парасаттылық әділеттілікті  қалыптастыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресіп, оған  қатысты  әрекеттерді жүзеге асыру және жол бермеуді насихаттау жөніндегі пікіплер айтылды.

Мақсаты: Адалдық, әділеттілік, парасаттылық қағидаттарын қалыптастыру, сондай-ақ ұлттық мәдениет пен руханият құндылықтарын қоғамда ілгерілету.