«35 жыл - Ауған соғысы ақиқаты» патриоттық сағат

13.02.2024

     13 ақпан күні А.Сейдімбек атындағы ЖОББ мектебінің ұжымымен бірігіп, жасөсірімдер кітапханасы жоғарғы сынып оқушыларымен «35 жыл - Ауған соғысы ақиқаты» патриоттық сағат өткізді. Іс-шара барысында , мектептің АӘД пәнінің мұғалімі Тулеубаев Дюйсенбай Аманбавич   жас ұландар әскери дайындықтарынан   көрініс көрсетіп, Жасөспірімдер кітапханасының меңгерушісі Туғанбаева Құралай Насрединқызы  «35 жыл - Ауған соғысы ақиқаты»  атты кітап көрмесімен таныстырса, Сәкен Сейфуллин атындағы Жаңаарқа аудандық тарихи - өлкетану музейінің басшысы Ерболат Берікұлы Шубаев  өлкеміздің ауған соғысының ардагері Владимир Трутьконың  фото және құжат көрмесіменн  таныстырды. Іс шара барысында оқушылардың бойындағы патриоттық, Отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыруда игі шараның ықпалы мол кездесуді ұйымдастырған ұжымға,оқушыларға, жауынгер ағалар мен қонақтар   алғыстарын  білдірді.