«Абай-дана, Абай-дара қазақта»
 
            
            05.08.2025
Ш.Ералиев ауылдық кітапханасында 5 тамыз күні ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдеби тілінің негізін салушы Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына орай «Абай-дана, Абай-дара қазақта» атты ақпараттық дайжест өткізілді.Іс-шара барысында оқырмандарға Абай Құнанбаетың өмірі, шығармашылығы және отбасы туралы мағлұмат берілді.Оқушыларға ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы сұрақтар қойылып, Абай өлеңдерінен алған әсерлерімен бөлісті. Сондай-ақ ақынның балалық шағы, білім алған орындары мен алғашқы өлеңдері туралы мәліметтер ұсынылды.Мақсаты: Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдері мен әндерін мәнерлеп айтқызу және кітаптарын насихаттау.

 
     
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
     
     
     
     
     
     
             
             
             
             
             
             
     
     
     
     
     
     
     
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                