« Абай дана, Абай дара – қазақта »

08.08.2025
Түгіскен ауылдық кітапханасында 8 тамыз « Абай дана, Абай дара – қазақта » Абай Құнанбаевтың туғанына 180 жыл толуына орай әдеби кеш өткізілді. Абай мұрасы – қазақтың ең қасиетті, теңдесі жоқ алтын қазынасы. Жылдар өткен сайын халқымыз ғұлама ақынның рухани дүниесіне терең бойлап, оның ұлылығының тың қырларын ашып, жаңа сырларына қаныға түсуде. Қазақтың ұлы ақыны, ойшылы әрі қоғам қайраткері Абай Құнанбаевтың шығармашылығын насихаттауға арналған әдеби кеште ұлы ақынның өлеңдерін жатқа айтып, қара сөздерін нақышына келтіріп орындады. Абайдың ғұмыр жолын еске алу - өткенді ғана саралау емес, болашаққа бағдар жасап, елімізді одан әрі дамытудың негізін қалауға шақыратын бірегей мүмкіндік. Мақсаты: Абай өлеңдерін оқу, әндерін орындау арқылы оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, балалардың бойына рухани құндылықтарды сіңіруге ықпал ету.