«Абайды оқы -таңырқа»
09.08.2024
9 тамыз Қызылжар кенті үлгілі кітапханасында ұстаз, ақын, ағартушы Абай Құнанбаевтың туған күніне орай «Абайды оқы -таңырқа» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесіне кітапханамыздың тұрақты оқырмандары қатысты. Абай атамыздың өмірі мен шығармалары таныстырылып, өлеңдері мәнерлеп оқылды. Мақсаты: Абай шығармаларын сүйіп оқуға, өмірін, қасиеттерін үлгі ете отырып, білім мен ғылымға құмарлығын арттыру.Жас ұрпақты Абай шығармашылығын танып білуге тәрбиелеу.

 
     
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
     
     
     
     
     
     
             
             
             
             
             
             
     
     
     
     
     
     
     
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                