«Абайды оқы – таңырқа!»

08.08.2025
8 тамыз күні Талдыбұлақ ауылдық кітапханасында қазақ ақыны, ағартушы, ұлттық жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайевтың туғанына 180 жыл толуына орай «Абайды оқы – таңырқа!» атты тәрбие сағаты өткізілді. Абайдың мұрасы мәңгілік. Барша қазақ баласы Абайды тануға, білуге, Абаймен мақтануға тиіс. Аты әлемге әйгілі Абай атамыз – қазақ елінің мақтанышы, бар білімін өз халқына арнап, елдің қамын ойлаған біртуар азамат. Ұлы ақын өз халқының өркендеп, өсуін, еркін халық ретінде өмір сүруін арман етті. Бүгінде біз Абай аңсаған ұлы өзгерістердің куәсіміз, бәсекеге қабілетті елдердің қатарына енуге талпынудамыз. Абай – халқымен өмір сүрген, халыққа жаны ашыған нағыз ұлтжанды азамат, бұл қасиеттері оның барлық шығармаларында айқын көрінеді. Ақынның өлеңдері білімге шақырып, жалқаулықтан аулақ болуға, қараңғылықтан құтылуға үндейді. Абайды қанша оқысақта жалықпаймыз, керісінше рухани жаңғырамыз. Іс –шараға мәдениет үйінің қызметкері Каримова Бота атсалысты. Сонымен қатар жыл бойына қойылған тұрақты көрмеге Слямбек А. шолу жасады.
Мақсаты: А.Құнанбаевтың шығармашылығын сүйіп оқуға баулу, өмірі мен қасиеттерін үлгі ете отырып, білім мен ғылымға құштарлықтарын арттыру.