«Абаймен кемел білімге»

08.08.2025

Ақтүбек ауылдық үлгілі кітапханасында 8 тамыз  «Абаймен кемел білімге» әдеби кеш өтті. Кеш барысында Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінен үзінділер оқылды, «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай» әндері орындалды. Сонымен қатар, ақынның өмір жолы мен шығармашылығына арналған слайд-презентациялар көрсетілді, оқушылар Абай өлеңдерін жатқа оқыды, оның философиялық ойлары талқыланды. Әдеби кеш жақсы деңгейде өтті. Оқырмандар Абайдың рухани мұрасынан тағылым алып, шығармаларынан зор әсер алды. Шара жас ұрпақтың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиеледі. Мақсаты: Ұлы ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау, оқырмандардың рухани дүниесін байытып, ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру.