«Адам денсаулығы — баға жетпес байлық»
 
            
            07.04.2025
         7 сәуір күні Талдыбұлақ ауылдық кітапханасында Денсаулық күніне орай «Адам денсаулығы — баға жетпес байлық» атты тәрбие сағаты өткізілді. Адам денсаулығы — қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығын нығайту жолдарын білуі және соған ұмтылуы керек. Дені сау адамның көңіл күйі көтеріңкі болып, еңбекке деген құлшынысы арта түседі. Халқымыз «Дені саудың — жаны сау» деп тегін айтпаған. Шараға әкімшілік қызметкерлері мен мәдениет үйінің қызметкерлері белсене қатысып, өз білген мағлұматтарымен бөлісті. Тәрбие сағаты жағымды көңіл күйде өтті.
Өміріміз — өз қолымызда. Бақытымыздың оннан тоғызы — денсаулығымызға тікелей байланысты. Сондықтан әрдайым күліп жүріп, айналамызға шаттық сыйлау — денсаулығымыздың жақсаруына үлкен әсер етеді. Мақсаты:Оқырмандарға денсаулықтың негізі — қимыл-қозғалыс, спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтану және таза ауада серуендеу екенін ұғындыру.

 
     
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
     
     
     
     
     
     
             
             
             
             
             
             
     
     
     
     
     
     
     
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                