«Айтыс – өнер қазынасы» атты эллегия кеші өткізілді
 
            
            25.08.2021
Ақтүбек ауылдық кітапханасында 25 тамыз күні ауылымыздың тумасы, айтыскер, ақын Аманжол Әлтайдың 50 жылдық мерейтойына орай «Айтыс – өнер қазынасы» атты эллегия кеші өткізілді. Кеш барысында ақынның өнердегі шығармашылығы туралы айтылып, көрмедегі кітаптарға шолу жасалды. Ақынның өлеңдерінен үзінді оқылды. Оқырмандар арасында «Аманжол – Сара» кітабынан айтыстың алаш таныған айтулы қос дүлдүлі Аманжол Әлтай мен Сара Тоқтамысованың айтысы топтамасынан үзінділер оқылды. Мақсаты: Өнері мен шығармашылығын насихаттау, қазақтың ғана маңдайына біткен бірегеі өнерлердің бірі – айтыс өнерін ауыл жастарына үлгі ету

 
     
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
     
     
     
     
     
     
             
             
             
             
             
             
     
     
     
     
     
     
     
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                