«Ақ жүректі-абзал жан»

23.10.2023

23 қазан  Қараағаш ауылдық үлгілі кітапханасының ұйымдастыруымен  ҚР денсаулық сақтау саласының үздігі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет»  орденінің иегері, дүниежүзілік куротологиясының «Алтын медалімен» марапатталған тұңғыш адам, үш ауданның «Құрметті азаматы» аттақтарын адал еңбегімен алған Әбілхакім Ақмағанбетұлы Ақмурзин ағамен «Ақ жүректі-абзал жан» атты кездесу кеші өткізілді. Кеш өте әсерлі өтті. Кәкім аға өзінің 40 жылдық дәрігерлік еңбек жолын осы Қараағаш ауылында аурухананың бас дәрігерлігінен бастағаның, еңбек жолындағы қиындықтары туралы әңгімелеп берді.Осы әулеттің тарихы , ата-бабасы  Тақыр Омар, әкесі Ақмағанбет, әкесінің інісі Жұртшыбайдың 1916 жылы «Айғыржал көтерлісіне» қатысқаны туралы тарихы деректерге толы өмірлерінен бір үзік сыр шертті. Ауылымыздың өнерпаздары ән-жырмен шашу шашып, ауыл әкімі Д.Бақышев ағамызды туған күнімен құттықтап, ауыл ақсақалдары, әкімшілік мәдениет үйі қызметкерлері атынан Кәкім ағаның иығына арнап тіккізілген шапан жауып, сыйлық табыстады. Сөз соңында Кәкім аға ұйымдастырушы кітапханашыларға алғысын білдіріп, кітапханаға  «Сенімен болашақ» , 2023 шыққан Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының бес томдық таңдамалы шығармалар жинағын сыйлап, жиналған қауымға ыстық ықыласы білдіріп, домбырамен ән шашуын жолдады. Мақсаты: Жерлес ағамыздың өмір жолы мен әулетінің тарихын кейінгі ұрпаққа насихаттау арқылы жастардың бойына адамгершілік қасиеттерін сіңіру.