"Ақан сері- қазақтың ұлы тұлғасы"
 
            
            06.01.2023
6-қаңтар күні ақын, әнші, композитор Ақан сері Қорамсаұлының 180 жылдығына орай "Ақан сері- қазақтың ұлы тұлғасы" атты ақпарат сағаты өткізілді. Мақсаты: Ақан сері Қорамсаұлының өмір жолы мен шығармаларына толық тоқталып, өлеңдері мен әндерінің мазмұнын, идеясын, шығу тарихы мен тақырыбының ерекшелігін түсіндіру.
С.Сейфуллин атындағы ЖББМ 7-сынып оқушыларының қатысуымен өткізілген ақпараттық сағатта кітапханашы Б.Сатбаева ақынның шығармашылығын зерттеудегі тәжірибелерімен және деректерімен бөлісті.

 
     
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
     
     
     
     
     
     
             
             
             
             
             
             
     
     
     
     
     
     
     
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                