«Ақиқаттың айнасы – Ата заң»

30.08.2023

    30 тамыз – Қазақстан  Республикасының Конституция күніне орай Байдалы би ауылдық үлгілі кітапханасында «Ақиқаттың айнасы – Ата заң» атты кітап көрмесі мен тарихи сағаты өткізілді. Кітап көрмесіне кітапханамыздың кітап қорынан мемлекет және құқық тарихы, Қазақстанның құқықтық және оның қалыптасуы туралы әдебиеттер, ҚР Констстуция мен заңдар жинақтары, ғылыми конференциялардың материалдары ұсынылды. Конституция – азаматтардың құқығы мен бостандығын, қуатты мемлекетіміздің егемендігі мен бүтіндігін сақтайтын темірқазық. Мақсаты: Еліміздің Ата заңы жөнінде түсінікті тереңдету.