«Ақпараттық қызмет және кітапхана»

15.05.2024

15 мамыр Ақтүбек ауылдық үлгілі кітапханасында «Ақпараттық қызмет және кітапхана» тақырыбында библиографиялық сабақ, ауыл кітапханашыларымен тәжірибе алмасу семинар-кеңес өткізілді. Кітапханашы Б.Анишева «Ақпараттық қызмет және кітапхана» тақырыбында баяндама оқыды. «Ауылым – ақ бесігім» бейнежазбасы көрсетілді. «Жас толқындар жырлайды» қызығушылық клубының мүшесі Г.Берік ауылға арнаған өлеңін оқыды. С.Сейфуллиннің 130 жыл толуына орай «Сәкен – қайталанбас  тұлға» тақырыбындағы кітап көрмесіне кітапханашы Б.Анишева шолу жүргізді. Бағдарлама бойынша С.Көшеметова «Әдеби лото» ойнатып сергіту сәтін ұйымдастырды. Келген қонақтарға пікірлерін білдіру мақсатында пікір алмасу парақшаларын тараттық.

         Шараның қорытындысында Г.А.Жакуповаға сөз берілді. Ақпараттық қызмет көрсету бөлімінің  меңгерушісі Г. Жұмабайқызы мен  билиограф маман С.Бақышева саралады. Мақсаты: Туған ел мен жер тарихын насихаттау.