«Ақын – елдің еркесі, батыр – елдің серкесі»

04.05.2023

4 мамыр Байдалы би ауылдық үлгілі кітапханасында 7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне орай мәдениет үйімен бірлесе отырып  «Ақын – елдің еркесі, батыр – елдің серкесі» атты ерлік сабағы өткізілді. Шараға ауылымыздың жас  сарбазы Берік Жасқанат пен 7- 8 сынып оқушылары қатысты. Іс – шара барысында жас сарбаз оқушыларға Отанды қорғау жайында мағлұматтар беріп өтті. Ғани Аружан Отан қорғаушылар күніне арналған өлеңдерін жатқа айтты. Кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге библиографиялық шолу жасалды. Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, Отанымызды қорғауға баулу.